• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2013

Спорт – болашаққа басым бағыттың бірі

384 рет
көрсетілді

Астанада Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Қоғамның индустриялық-инновациялық даму жағдайындағы дене тәрбиесі мен жалпыға бірдей спорттық басымдықтары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Астанада Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Қоғамның индустриялық-инновациялық даму жағдайындағы дене тәрбиесі мен жалпыға бірдей спорттық басымдықтары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жиында негізгі баяндаманы агенттіктің дене-шынықтыру департаментінің директоры Қанат Қазбеков жасап, елімізде бұқаралық, жоғары жетістіктегі спорт және денешынықтыру саласын дамытуда істелініп жатқан жұмыстар туралы кеңінен әңгімелеп берді. Баяндамашы бүгінгі таңда «Мемлекеттің инно­вация­лық қызметті қолдауы» тура­лы заңға сәйкес, елі­мізде спорт саласына инно­вациялық технологиялар­ды енгізу мәселесінің жақ­сы жолға қойылғанын, спорт мекемелеріне иннова­ция­­­лық гранттар беріліп, ин­но­вациялық жобаларды іске асыруға қолдау көр­сетіліп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, ол Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға дейін елімізде бұқаралық спортпен айналысушылардың санын 30 пайызға жеткізу үшін барлық жұмыстардың жасалып жатқанын, осы­ған байланысты «Денешы­нық­тыру және спорт» туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізі­летінін айтты.

Бұдан кейін Ресей спорт­тық менеджмент федера­циясының атқа­рушы директоры Свет­лана Изаак «Ғылыми-техникалық жоба: жас­тар, жасөспірімдер мен балалардың дене тәр­­бие­сімен айналысуына, дене бітіміне мониторинг жасау» атты тақырыпта баяндама жасады. Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Анатөлі Құлназаров «Қазақстан Республикасындағы 2022 жылға дейінгі денешы­нықтыру – спорт жүйесін жаңарту» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Ол өз сөзінде ел спортының қазіргі даму дең­гейі мен кешегі КСРО кезіндегі спорттағы жетістіктерімізге талдау жасап, екі кезеңді салыстырып, өз бағасын берді. Онда ол қазіргі спорт жүйесінің бұрынғы кезден әлсіреп қалғанын, дегенмен, мемлекет тарапынан дене­шынықтыру мен спортты қолдауға қолда бар мүмкіндіктің бәрі жасалып жатқанын айтты. Сонымен бірге, ол алдағы он жылда спортты дамытуға берілетін басымдықтар туралы сөз қоз­ғады. Осы жерде А.Құлназаров спортты ғы­лыммен ұштастыру, жаттықтырушылардың бі­лі­мі мен біліктілігін арттыру, спорттық меди­цинаны дамыту, қазақтың «Айкуне» гимнас­тикасымен айналысу сияқты жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Конференцияда Бүкіл­ресейлік әлеуметтендіру мен білім ҒЗИ-ның ғылыми хатшысы Ольга Румның «Эстетикалық гимнастика – жастар арасындағы бола­шақтағы бұқаралық спорт түрі» атты баяндамасын­да гимнастиканың бұл түрі­нің денсаулық пен дене сым­баттылығын сақтаудағы ар­тық­шылықтарын айтып берді.

Жиынның қорытынды пле­нарлық отырысында қарар қабылданды.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар