• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қараша, 2013

Неміс офицерінің тапаншасы Семейде қайдан жүр?

270 рет
көрсетілді

Үйлеріңізде жатқан қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар болса әкеліп тапсырсаңыздар ақшалай сыйлық береміз деп үндеу тастаған Семей қалалық ішкі істер басқармасының насихатына құлақ асқан қала тұрғындары бұл күндері осы іске ден қойған.

Үйлеріңізде жатқан қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар болса әкеліп тапсырсаңыздар ақшалай сыйлық береміз деп үндеу тастаған Семей қалалық ішкі істер басқармасының насихатына құлақ асқан қала тұрғындары бұл күндері осы іске ден қойған.

1 қыркүйектен басталған осы акция аясында тұрғын­дар­дан 63 өтініш хат түс­кен, 70 қару, 593 патрон тап­сы­рылған. Жұмыс әлі де жал­ғасын табуда.

Ақшалай сыйлық бері­леді дегенді естіген қаладағы 1-ші шағын ауданның 39 жасар тұрғыны осыдан 73 жыл бұрын Германияда шыққан танапшаны табыс етті. Калибрі 7,65 мм, 11 оғы бар екен. Сапалы екен­ді­гі көрініп тұр дейді Се­ме­й қалалық ІІБ қызметкері Елубек Оспанов. Әлі күнге дейін жарамды, істен шық­паған. «Н» деген азамат сұрау барысында айтып бергендей, тапаншаны атасы Ұлы Отан соғысынан әкелген. Ол мұны ауладағы гаражды жинау кезінде тауып алған. Атасы 1995 жылы қайтыс болып кетіпті. Бұл құрал кез келгеннің қанжығасында жүретін жай қару болмай, құнды дүние болып шықты. Вермахтың жоғарғы командалық құрамасының офицеріне тиесілі дүние екен. Майдангердің гаражында 68 жыл сақталған тапаншаға криминалистік және баллестикалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тапаншаны әкеліп, өз еркімен тапсырған азаматқа 50 мың теңге ақшалай сый­ақы табыс етілді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Семей.

Соңғы жаңалықтар