Менің туған жерім – Риддер қаласы. Қазіргі кезде Өскеменде тұрамын. Шешемнің туып-өскен жері – Зайсан ауданының Көкжыра ауылы. Жуықта осы ауылдың маңында әкем екеуіміз қыдырып жүріп, өсіп тұрған үлкен бір ағашты көрдік. Жанына барып қарағанымызда, алып ағаш екендігіне көзіміз жетті. Сол жерде біз оны өлшеп көрдік.
Ағаштың биіктігі шамамен 25-28 метрдей, діңінің жуандығы, жерден 1 метрдей жоғары деңгейде өлшегенде, 8 метр 10 см. болды.
Менің туған жерім – Риддер қаласы. Қазіргі кезде Өскеменде тұрамын. Шешемнің туып-өскен жері – Зайсан ауданының Көкжыра ауылы. Жуықта осы ауылдың маңында әкем екеуіміз қыдырып жүріп, өсіп тұрған үлкен бір ағашты көрдік. Жанына барып қарағанымызда, алып ағаш екендігіне көзіміз жетті. Сол жерде біз оны өлшеп көрдік.Ағаштың биіктігі шамамен 25-28 метрдей, діңінің жуандығы, жерден 1 метрдей жоғары деңгейде өлшегенде, 8 метр 10 см. болды.Осы ағашқа қарап тұрып менің көңілімді бір мұң басты. Басқа жақтан келген адамдарды қойып, осы ауылдың тұрғындарының өздері ағаштың қасиетінен бейхабар болып шықты. Қызықтағандары былай тұрсын, кейбір бұтақтарын ел шауып ала бастапты. Ерте ме кеш пе біреу ойланбастан бұл ағашты отынға толығымен кесіп алары сөзсіз.
Мені қынжылтқаны – осындай таңғажайыптарға көңіл бөлмейтіндігіміз. Осы ауылдың адамдарынан сұрағанымда, ағаштың қандай түрге жататындығын да, қанша жасқа келгендігін де ешкім айта алмады. Ауылда, қуаңшылық, сортаң жерде, ешкімнің бағып-қағуынсыз өскен мұндай алып ағаш, Көкжыра ауылының ғана емес, Зайсан ауданының да, айта берсе, бүкіл облысымыздың мақтанышы бола алатындығына сенімдімін. Тек бұл ағашқа көңіл бөліп, зерттеп, қорғап, елге хабардар ету қажет пе деп ойлаймын.
Біз ауыл тұрғындарын шақырып, қол ұстасып, ағаш жанында суретке түстік.
Сымбат МОЛДАНЖАРОВ,
Семей медициналық университетінің студенті.
Шығыс Қазақстан облысы.