• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қараша, 2020

Ақмолада әйел өзінің қызын пышақтаған

1108 рет
көрсетілді

Ақмола облысында әйел өзінің қызына пышақ жарқатын салған, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қараша күні 35 жастағы масаң күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.

"Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, задап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен. Артынша, екеуара жанжал шыққан. Осы кезде анасы ас бөлмедегі пышақты алып, қызының арқа тұсынан сұғып алған", дейді ведомстводан.

Белгілі болғандай, 58 жастағы күдікті әйел 1997 жылы ҚР ҚК 195-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

"Күдікті қылмысын толық мойындады. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда", дейді ПД өкілі.