• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Қараша, 2020

Отандасымыз "Голос России" байқауының жүлдегері атанды

234 рет
көрсетілді

Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің екінші курс студенті Диляра Асаинова "Голос России" бүкілресейлік ашық қашықтық вокал байқауында 2 орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, оқытушысы Малика Казмагамбетова өзінің оқушысына дарынның сан қырын ашуға көмектеседі.

"Дилара − талантты әнші және мінезі де жақсы. Бала кезінен көру қабілетінде қиындықтар туындағанына қарамастан, үлкен сахнада өнер көрсетіп, көрерменге әдемі өнер сыйлауды армандайды", дейді Малика Казмагамбетова.

Ол дарынды студентінің алдағы уақытта талай белесті бағындырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытады деп үміттенеді.

"Музыка маған өз ойларым мен сезімімді жеткізуге, ал ерекше халық күйлері эмоциялардың тереңдігін түсінуге үйретті. Әсіресе қобыз аспабында ойнағанды ерекше ұнатамын", дейді Диляра.

Соңғы жаңалықтар