"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырдағы "Боран" кемесінің иесін таппақ ниетте, деп хабарлайды Egemen.kz
Ол кеменің Қазақстандағы белгісіз жеке тұлғаға тиесілі екені анықталды.
Рогозин өзінің Twitter желісіндегі парақшасында: "Боран" Қазақстанның жеке тұлғасына тиесілі. Міне, осындай жағдайлар. Мен оны сатып алуға тырыстым, бірақ оның иесінің нақты кім екенін түсіну әзірге мүмкін болмады", деп жазды "Роскосмос" басшысы .