Бұл бұрнағы күні өткен Қызылорда облысы әкімі аппаратының отырысында белгілі болды.
Жиында облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Марат Бәйімбетовтің айтуынша, облыста шақыру жасындағы 54 845 адамның 32634-і, яғни 60 пайызы шақырылуға жатады. Бірақ бұлардың 1116-сы әлі күнге дейін шақыру комиссияларына келген емес.
Бұл бұрнағы күні өткен Қызылорда облысы әкімі аппаратының отырысында белгілі болды.
Жиында облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Марат Бәйімбетовтің айтуынша, облыста шақыру жасындағы 54 845 адамның 32634-і, яғни 60 пайызы шақырылуға жатады. Бірақ бұлардың 1116-сы әлі күнге дейін шақыру комиссияларына келген емес. Қазір қашқындары саны бойынша Жалағаш ауданы ешкімді алдына түсірмей, топ бастап келеді. Ондағы 486 шақырылушының 281-і осындай қашақтар қатарында жүр. Ал Қармақшы ауданы 484 шақырылушысының 222-сін безгек тигендей етіп, бездіріп алып, бұл «аламан бәйгенің» екінші орнын тақымында берік ұстап тұр. Ал бұлардың соңындағы қараны Арал ауданы – 190, Қазалы ауданы – 183 жалтарушысымен толтырып келеді.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осыған байланысты тиісті органдарға ұстатпай жүрген шақырылушыларды тездетіп қолға түсіруді қатаң тапсырды. Ол сонымен қатар олардың аты-жөндері жазылған тізімді жергілікті БАҚ-тар беттерінде жариялауды міндеттеді.
Мұрат АЙТҚОЖА.
Қызылорда.