• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 19 Қараша, 2020

Халықаралық валюта қоры коронавирусқа қарсы шараларды жоғары бағалады

671 рет
көрсетілді

Халықаралық валюта қоры Қазақстандағы экономикалық жағдай, сондай-ақ пандемия салдарын азайту және халық пен бизнесті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан саясат бойынша сараптамалық бағалауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

ХВҚ ұлттық  экономикадағы нақты сектордың оң динамикасын және тұрақтандырушы рөлін атап өтті.

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,2%, оның ішінде машина жасауда - 16,5%, автомобиль жасауда - 53,6%, тамақ өнімдерін өндіруде - 3,4%, жеңіл өнеркәсіпте - 16,4%, фармацевтикада - 39,7% құрады. Құрылыстағы өсу қарқыны - 10,7%, ауыл шаруашылығында 5,2% құрады.

Осы жылдың қорытындысы бойынша ХВҚ COVID-19 пандемиясына байланысты шектеу шараларынан туындаған көрсетілетін қызметтер саласындағы экономикалық белсенділіктің қысқаруы, сондай-ақ ОПЕК+ аясындағы уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерін орындауынан ҚР ЖІӨ-нің өсу қарқынының 2,7%-ға дейін баяулауын күтуде.

Сонымен қатар, ХВҚ-ның бұрын жарияланған болжамына (World Economic Outlook, October 2020) сәйкес, 2020 жылы ҚР экономикасының баяулау қарқыны дамыған елдермен салыстырғанда (-5,8%), сондай-ақ дамушы экономикалармен салыстырғанда (-3,3%) орташа әлемдік (-4,4%) деңгейден төмен болады.

ХВҚ миссиясы Үкіметтің пандемия аясында жүзеге асырып жатқан дағдарысқа қарсы шараларына жоғары баға берді.

ХВҚ бұл шаралардың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын, оның ішінде осал үй шаруашылықтары мен бизнеске тікелей көмек көрсету арқылы қамтамасыз етудегі аса маңызды рөлін атап өтті.

ХВҚ сондай-ақ ақша-кредит және қаржы саясаты желісі бойынша, атап айтқанда, инфляциялық таргеттеуге бейілділік мәселесі бойынша ҚР Ұлттық банкінің шешімталдығы мен уақыттылығын жоғары бағалады. Бұл ағымдағы жылдың көктеміндегі оқиғалар сыртқы күйзелістердің амортизаторы ретінде көрсеткен икемді айырбас бағамын қолдауды, сонымен қатар долларландыру деңгейін төмендетуге бағытталған саясатты ілгерілетуді және айырбас бағамының құбылмалылығының инфляцияға әсерін біртіндеп төмендетуге бағытталған реформаларды жүргізуді қамтиды.

ХВҚ сондай-ақ Үкімет әзірлеп жатқан Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары шеңберінде жаңа редакциясында белгіленген құрылымдық реформаларға, оның ішінде ұлттық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, өндірмейтін салаларды дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін жетілдіру жөніндегі шараларға қолдау білдірді.