• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кино 22 Қараша, 2020

"Қыз Жібек" жəне "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл

822 рет
көрсетілді

Ақтоты Райымқұлова "Қыз Жібек" жəне "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды "Қыз Жібек" жəне "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуымен құттықтады.

"Құрметті достар!Ардақты киносүйер қауым!

Сіздерді "Қыз Жібек" жəне "Атаманның ақыры" көркем фильмінің түсірілгеніне 50 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Қос туынды да - ұлттық кино өнерінің інжу-маржаны, жас талғамайтын өміршең дүние.

Бірі шынайы сезімнің нышаны "Қыз Жібек" жырының желісінде Жібек пен Төлегеннің махабатын ғана баяндап қана қоймай, басты кейіпкерлер тағдырымен замана тыныс-тірлігінің әлеуметтік әрін, тарихи тұрпатын, мұң-мұқтажын сабақтастырып, ел-жұртты бірлікке шақырып, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсеткен жарқын фильм.

Екіншісі, өткен ғасырда қазақ жерінде болған шынайы оқиға желісімен түсіріліп, шытырман сценарий желісімен көрерменді таңдай қақтыратын қазақ кинематографиясындағы алғашқы детектив.

Меруерт апамыз фильмде Жібек арудың бар болмысын, ғашық болған кездегі сырлы сезімін, сең соққандай сергелдеңге түскен сəті мен өзекті өртеген шерімен қоса өжеттігін жүрегіне ұялатып, шынайы сомдады. Ал тұғырлы тұлға, мэтр Асанəлі ағамыз оқиға өрісінде тыңшы Қасымхан Шадияровтың сын сағаттағы сабырлы зерек, қырағы бейнесін ашып көрсетті.

"Қыз-Жібек" пен "Атаманның ақыры" шығармашылық ұжымның қазақ тарихындағы шежіре деректерді, ғылыми еңбектерді, этнография, әлеуметтік қарым қатынасқа байланысты жазбаларды терең зерттеген білімдарлығын танытады. Екі фильмнің құндылығы да, алтын қордан ойып тұрып орын алғаны да осында жатса керек.

Осынау орайлы сəтті пайдалана отырып, екі фильмнің барлық актері мен ұжымына зор ризашылығымды білдіремін", деп жазылған министрдің құттықтау хатында.