Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын жалғап тұрған электр жеткізу желілерінің өткізу мүмкіндігін ескере отырып, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы – «ЭҚНҚО» АҚ-ның алаңында өтті.
БЭЖ-інің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарына тиесілі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 5178,91 МВт-ты құрады. Электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша ұсынылған қызметтің жиынтық көлемі – 5875 МВт.
Алдын ала жасалған есептеулер бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың электр стансалары сауда-саттықта 2768 МВт электр қуатын сатқан, соның ішінде: «Алматы электр стансалары» АҚ – 490 МВт, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ – 625 МВт, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – 1653 МВт.
Электр қуатын сату нәтижелері «Самұрық-Энерго» АҚ-тың энергетикалық жабдығының 2021 жылы тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұтас алғанда, 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында Қазақстанның электр стансалары 87 186,3 млн кВт сағ. электр энергиясын өндірген, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға көп. Электр энергиясын өндірудегі өсім Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің барлық аймағында байқалды.
Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің нарығына 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында «Самұрық-Энерго» АҚ жүргізген талдауға сай, байланысқан электр энергиясын өндіру 42,8 млрд кВтсағ. құрады, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен бірдей. Сонымен бірге 2019 жылғы қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда, байланысқан электр энергиясын өндіру үлесі бұрынғы деңгейде қалып, Қазақстандағы жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 49,9%-ін құрады.
Бұл орайда, «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында өндірген электр энергиясының көлемі 24 083,1 млн кВт сағатты құрады немесе 2019 жылғы осы кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім – 0,3%.
CЖРА Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында 87,8 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл 2019 жылғы осы кезеңге қарағанда 2%-ға аз (89,1 млн тонна).
«Самұрық-Энерго» АҚ және ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқаратын көмір өндіруші компания – «Богатырь Көмір» ЖШС осы кезең ішінде 35,1 млн тонна көмір өндірді, бұл 2019 жылғы осы кезеңге қарағанда 3%-ға аз. Жыл басынан бергі 10 айдың ішінде 35,1 млн тонна көмір сатылды, соның ішінде: Қазақстанның ішкі нарығына 26,7 млн тонна сатылды және 8,4 млн тонна экспортқа (РФ) шығарылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-тың ЖЭК объектілері (КЭС, ЖЭС және шағын СЭС-тер) 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында 278,5 млн кВтс электр энергиясын немесе ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 10,3 пайызын өндірді, бұл 2019 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,3 пайызға төмен.
Компанияның 2020 жылғы қаңтар-қазан айларында «таза» электр энергиясын өндірудегі үлесі (КЭС, ЖЭС, ірі және шағын СЭС-тер) 2019 жылғы осы кезеңге қарағанда (2 514,8 млн кВтс) – 8,7 %-ға төмендеді (2 296,6 млн кВтсағ).
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр стансалары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электрстансасы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.