Ауғанстан астанасы Кабулда зымыран жарылып, нәтижесінде 8 азамат қаза болды. Елдегі экстремистік топтардың бірі – Талибан оқиғаға қатысы жоғын айтып, жағдайды жауапкершілігіне алудан бас тартты.
Зымырандар Кабулдың «жасыл аймағында», яғни елшіліктер мен халықаралық компаниялар орналасқан бөлігіне құлаған. Ішкі істер министрлігінің өкілі Тариқ Ариан мән-жайды анықтау үшін арнайы топ құрылып, зымырандар қайдан жіберілгені және жарылу себебі анықталатынын мәлімдеді. «Терроршылар зымырандарды жүк көлігінен жіберген. Істің анық-қанығы міндетті түрде анықталады. Әзірге 8 кісінің қаза тауып, 31 азаматтың жараланғаны мәлім», деді ол.
Елдегі қарулы күштер мұны террорлық топтармен, әсіресе ДАИШ-пен байланыстырады. Бұл болжамға олардың Ауғанстан арқылы қару-жарақ тасуы себеп. Талибан жауапкершіліктен бас тартты. Олар «Ауғанстан үкіметімен күрессек те, қоғамдық орындарда қару қолданбаймыз» деген мәлімдеме жасады.