• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Руханият 24 Қараша, 2020

Үзіліп бара жатқан жанның өміріне қорек тамызған

121 рет
көрсетілді

Әр донордың тамырынан алынған қан жыл сайын мыңдаған адамды ажалдан арашалап қалады. Күрделі хирургиялық оталар жасалып жатқан кезде екі дүниенің арасында арпалысып жатқан науқасқа өмір қорегін тамызатын да – осы донордың қаны.

Қостанайдағы облыстық қан орталығы таяуда «Қан тапсыр да, өмірді құтқар» деп аталатын акция ұйымдастырды. Аталған шараға «Сарыбай-Соколов» кен байыту комби­на­тының кеншілері түгел қа­ты­сып, жанашырлықтың үлгі­сін көрсетті. Рудныйлық кен­шілер жыл сайын ұжым болып ұйымдасып, орталыққа келіп қан тапсыруды дәстүрге айналдырған.

– Денсаулық болып тұрған­да, әр адам қан тапсырып, өзге­нің өмірін құтқарып қалуға көмектесу керек. Бұл – кез келген ізгі қоғамға қажет адам­гер­ші­ліктің белгісі. Мен мұндай игі шараларға үнемі қатысып тұрамын. Қан тапсырған са­йын көңіл күйім көтеріліп, жа­ным сергіп, бір рахаттанып қаламын. Жақсылық жасағанға не жетсін! – дейді жас кенші Мәди Қамбаров.

Әр донор 450 мл көлемінде қан тапсырды. Мұндай мөл­шер­де қан жоғалту сау адамның ағзасына ешбір физиологиялық қауіп тудырмайды. Орталық мамандарының айтуынша, до­нор­лық адам денсаулығына пай­­далы аса пайдалы көрінеді.

Бұл шараның алғашқы күні кәсіпорынның 50-ден аса жұ­мыс­шысы 25 литр қан тапсырды қан тапсырды. Бұл кем дегенде 100 шақты науқастың өмірін ара­шалап қалуға жетеді, дейді дәрігерлер.

 

Қостанай облысы