• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2013

Мұрат Майкеев – жыл әскериі

380 рет
көрсетілді

Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев «Жыл таңдауы – Жыл адамы» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша 2013 жылдың әскери адамы деп танылды. М.Майкеев «2013 жылдың әскери адамы» номинациясындағы жеңісі үшін «Алтын адам» мүсіншесімен марапатталды.

Жыл сайынғы «Жыл таңдауы – Жыл адамы» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты биыл Алматы қаласында өткізілді. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен шарада 2013 жылдың түрлі саладағы үздіктерінің есімдері жарияланды. Олардың қатарында әскер, мәдениет, өнер, бизнес, медицина, спорт және тағы басқа салалардың майталмандары бар.

«Қазақстандағы жыл таң­дауы №1» фестивалі ТМД-ның бес елін­де өткізіледі жә­не ха­лық­ара­лық мәртебеге ие. Сыйлықтың ие­­гер­лерін әлеуметтік сауалдамалардың кө­­ме­гі арқылы тәуелсіз сарапшылар таң­дайды.

Генерал-лейтенант М.Майкеев 1959 жылғы 9 қарашада Ақтөбе қаласында туған. 1980 жылы Алматы жоғары жал­пы­әскери командалық училищесін бітірген, ал 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әс­ке­ри академияны тәмамдады.

3-дәрежелі «Отанға қызметі үшін», 2-дәрежелі «Айбын», 2-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

«Егемен-ақпарат». 

Соңғы жаңалықтар