• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 24 Қараша, 2020

Президент Денсаулық сақтау министріне сирек дертке шалдыққан балаға көмектесуді тапсырды

174 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Аңсар Нұржанов есімді бұлшықет дистрофиясымен сыртқаттанған балаға көмектесуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында толығырақ айтып өтті. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Аңсардың анасының жариялаған жазбасына назар аударды. Мен Әселмен (Аңсардың анасы) телефон арқылы сөйлестім. Баланы емдеудің болжамды нұсқаларын талқыладық. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бүгін Аңсармен кездеседі, оның емделуіне көмектеседі", деді министр Алексей Цой.

Естеріңізде болса, бұған дейін қарағандылық жеткіншектің анасы көпшіліктен көмек сұрап, Іnstagram парақшасында бірнеше рет жазба жариялаған еді. Жазбаларының бірінде ол тіпті португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға да көмек сұрап жүгінген-ді. Аңсар Нұржанов бір кездері денсаулығында еш ақау жоқ, он екі мүшесі сау бала болған. Алайда кейін өзінен-өзі шалынып құлай беретін жағдайға душар болыпты. Қауіпті дерт жеткіншектің бүкіл бұлшықет жұмысына зақым келтірген.