• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қараша, 2020

​​Экология министрлігі жемқорлықпен қалай күресуде?

99 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл ұстанымды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен отырыста айтты. Кездесу экологиялық бақылау, су ресурстары, геология, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Іс-шара тараптардың өзара бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

«Министрлік құрылған күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен төрт алқа өткізді. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспар әзірленді және іске асырылуда. Сондай-ақ, жемқорлық тәуекелдерінің картасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Жемқорлық тәуекелдерінің картасы Президент Әкімшілігіне де ұсынылды», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.Отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы Министрліктің барлық комитеттерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының бейінді басқармаларының басшылары қатысты.Сондай-ақ, кездесу барысында Агенттіктің су ресурстары, экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінде бұрын жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауларына қатысты жұмыс нәтижелері қаралды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету көрсеткішін 88%-ға дейін жеткізуге және Агенттіктің ұсынымдарын орындауда айтарлықтай прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Министрлік басшылығының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіндегі ұстанымы атап өтілді.Айта кетейік, ЭГТРМ Агенттікпен бірлесіп өткен жылы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін іске қосты. Қазіргі таңда Министрліктің өңірлік мекемелерінде жобалық кеңсенің 17 филиалы жұмыс істейді.«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мониторингтік тобының өкілдері мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс тобының, жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық комиссияның, тәртіптік комиссияның құрамына кіреді. Біздің бастамамыз бойынша Агенттік Министрлік комитеттерінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Сондай-ақ, тәуекелдерді жою бойынша шаралар жоспары қабылданды», - деді министр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жүргізіліп жатқан жұмыста ашықтық деңгейін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.«Табиғи байлықты сақтау және көбейту – біздің халық пен ұрпақтар алдындағы киелі міндетіміз. Бұл жолда сізге ашықтық, айқындылық және қолжетімділік демеу болады. Осы қағидаларды ұстану жаңа көзқарастағы басшыларды анықтайды. Осы орайда министрге алғысымды білдіремін. Орталық мемлекеттік органдарға бойында әділдік пен адалдық қасиеттері басым жас басшылардың келуі қуантады. БАҚ-пен, азаматтық белсенділермен өзара іс-қимылға, цифрлық шешімдерді енгізуге, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға негізделген кешенді тәсіл ғана жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың тамырын кесуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Агенттік төрағасы.Сонымен қатар, ол алдын алу мен ағарту шаралары жемқорлықты тежейтін факторлар екенін атап өтті.«Заңнамалық олқылықтарға, себептер мен жағдайларға, тәуекелдерге, әкімшілік кедергілер мен бюрократияға жол бермеу керек. Сыбайлас жемқорлықты біз белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғаммен ғана жеңе аламыз. Сондай-ақ, білім беру, тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды», - деп баса айтты Алик Шпекбаев.«Біздің Министрлік сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидаттарын басшылыққа алады. Азаматтардың барлық өтініштері мен сауалдарына уақытылы жауап беру мәселесі ерекше бақылауда. Жемқорлықтың алдын алу жөніндегі міндеттерді іске асыруды күшейту және заңнама нормаларының орындалуын, бірінші кезекте, өзінен және одан кейін барлық қызметкерлерден талап ету қажет», - деп түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.