• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қараша, 2020

Алматы ЖОО-ларында отбасылық құндылықтар жайлы онлайн-тренингтер өтті

235 рет
көрсетілді

Осы мәселемен айналысып жүрген «Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасы аясында Алматыдағы жоғары оқу орындардың студенттері үшін ZOOM платформасында отбасын құру, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі онлайн-дәрістер мен семинар-тренингтер ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің болашақ отбасым», «Репродуктивті денсаулық», «Экономика және отбасылық бюджет» тақырыптарында дәрістерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Майра Кабакова өткізді.

Онлайн семинар-тренингтерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Тұран» университеті, «Қайнар» Академиясы, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы, С.Ж.Асфендияров атындағы медицина университеті, «Нархоз» университеті, Еуразиялық технологиялық университеттерінен 500-ден астам студент қатысты.

Отбасылық өмір – бұл үлкен шығармашылық жоба! Егер осы маңызды жоба шеңберіндегі қызмет пен қарым-қатынас ләззат, қуаныш сыйласа, онда сіз бақытты адамсыз, – деп есептейді Алматы қаласының жастар мен отбасын тұрақты дамыту бөлімінің басшысы Орынбасар Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасының мақсаты – Алматы қаласында отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осы әлеуметтік тапсырысты тікелей жүзеге асырумен «Зор Рух» қайырымдылық қоры айналысады.

Жоба Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде отбасылық-бағдарланған тәсілді дамытуға, отбасы институтын нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Оның аясында Алматы қаласында отбасы институтын нығайтуға және отбасы мүшелеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты психологиялық, құқықтық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетіледі.