• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2013

Өз бақшаңда тұқым өсіріп, сату

551 рет
көрсетілді

Бұл бизнес түрінің бір артықшылығы – оны кез келген қалада, ауылда, аудан орталығында немесе облыс орталығында ұйымдастыруға болады. Ал, бір кемшілігі – ол тек маусымдық сипатқа ғана ие. Қыста жеке жылыжайыңыз болмаса, онымен шұғылдана алмайсыз. Бірақ, егер сіз бұл іспен беріле шұғылданатын болсаңыз, бір жаздың өзінде-ақ бір жылға жетерлік немесе одан да көп табыс қарата аласыз.

Бұл бизнес түрінің бір артықшылығы – оны кез келген қалада, ауылда, аудан орталығында немесе облыс орталығында ұйымдастыруға болады. Ал, бір кемшілігі – ол тек маусымдық сипатқа ғана ие. Қыста жеке жылыжайыңыз болмаса, онымен шұғылдана алмайсыз. Бірақ, егер сіз бұл іспен беріле ш

Егер сіз бұл бизнеспен айналысуды жөн көрсеңіз, ең алдымен, жақсы тұқым сатып алуға болатын фирманы іздестіріңіз. Ол фирма тұқымды өздері өндіре ме, жоқ әлде біреуден сатып алып, екінші біреуге сатып дегендей, алыпсатарлықпен шұғылдана ма, сондай-ақ, оның өнімі себуге әзірленген бе, осы мақсатта өңдеуден өткізілген бе, осы мәсе­лелерге мән беріңіз. Өйткені, алып-сатарлықпен шұғылданатын фир­малардың өнімдері әрдайым сапалы бола бермейді. Табыс табу үшін олар арзанына жүгіреді де, оны жеделдетіп өткізіп жіберуге тырысады. Сондықтан, бірінші кезекте тұқымдардың қорапшасына назар аударғаныңыз жөн. Себебі, көптеген сатушылар тұқымды мөшектеп сатып алып, сосын барып оны қолдан кішкентай қалталарға салып, базарлар мен адам көп жүретін түрлі орындарда сата береді.

Сонымен, сіз тұқымдардың тізімін жасап алдыңыз. Содан кейін парник салып, жер учаскесін дайындап, кәсіпті бастай беріңіз. Тұқым отырғызып, оған күтім жасаңыз. Бұл жөніндегі кеңесті бақша егуге арналған кез келген журнал мен кітаптан ала аласыз.

Тұқым өсіру технология­лары: Бақша өсімдіктерінен тұқым өсірудің бірнеше әдістеріне тоқтала кетейік.

Мәселен, шалғам тұқымын бірінші жылы отырғызып-ақ алу­ға болады. Жетілген өскінді таң­дап, топырақ деңгейіне дейін жапы­рақтарын кесіңіз, өсетін жоғар­ғы жағын қалдырыңыз. Со­нымен қатар, тамырын жартысына дейін жоныңыз. Өсімдікті жаңа, жақсы өсетін топыраққа отырғызыңыз. Көп күттірмей, отырғызған жылыңыздың өзінде-ақ оның гүлдері мен тұқымы пайда болады.

Сәбіз, қызылша, петрушка, сельдерей, пастернак пен шалғам тұқымдарын күздің соңында жинап, жертөлеге қояды немесе жердің жарты метр тереңдігінде орналастырылған қорапқа салып, сақтауға болады. Көктемде құнарлы топыраққа сеуіп, өнім алуға кіріседі. Гүлдері шыққан кезде сабақтары сынып қалмас үшін байлап қою керек.

Ал орамжапырақтың тұқым­дары екінші жылы шығады. Ол үшін орамжапырақты жертөледе көктемге дейін сақтаңыз. Егер ол бұзыла бастаса, оны уақытша топыраққа отырғызыңыз, сосын барып бақшаға қайта отырғызасыз.

Жуа мен сарымсақты (чеснокты) да тұқымдарын отырғызу арқылы көбейтуге болады. Жаз айларында тұқымнан жуа дәнін өсіріп, одан жуаның өзін өсіруге болады. Қысқа қарай, алғашқы үсіктен кейін, сарымсақтың тұ­қы­­мын отырғызыңыз. Бірінші жаз ішінде біртісті сарымсақ өсіп шығады, оны тағы қысқа қа­рай отырғызсаңыз, тістері көп са­рым­сақ аласыз.

Тұқым арқылы асқабақ пен бақша дақылдарының қажетті сор­тын алу үшін жасанды будандастыру әдісін пайдалану керек. Асқабақ, кәді, қиярлардың ірі, әлі ашылмаған аналық гүлдері (ол тұқымымен болады) мен аталық гүлдерін алыңыз. Әр гүлді дәкемен байлап қойыңыз, бұны кешкі уақытта істеу керек. Таңертеңгі 11-ге дейін оларды шешіңіз де аталық гүлдер мен аналықтарды бір-біріне жақындату арқылы будандастырыңыз. Будандасқан аналық гүлді қайта байлап қойыңыз. Тұқым үлкейіп, өсе бастағанда марліні шешіңіз де, оны ашық түсті лентамен белгілеп қойыңыз.

Қиярдың тұқымын әбден жетіліп сарғайған түрінен таңда­ңыз. Қиярды екіге бөліп, тұқымды қиярдың ішіндегі жұмсақ массасымен бірге алыңыз, бірнеше күн ашытыңыз, содан соң жуып, кептіріңіз. Ал асқабақ дақыл­дарының тұқымын бірден жуып, кептіре беруге болады.

Қызанақ тұқымын да әбден піскеннен кейін ішкі жұмсақ массасымен бірге алыңыз. Оларды бір аптадай ашытыңыз, содан кейін жақсылап жуып, кептіріңіз.

Бұршақ дақылдарының тұқы­мын жақсы жетілген, сарғай­ған сабақтарынан алыңыз. Оларды ашып, тұқымын әбден кептіріңіз.

Тұқымдарды сақтау жолдары: Тұқымдарды қараңғы, салқын және құрғақ жерде матадан немесе қағаздан жасалған қапшықтарға сақтаңыз. Барлығының сыртына аттары мен жиналған мерзімін жазып қойыңыз.

Тұқымдарды жинап алғаннан кейін сіздің жұмысыңыздың келесі сатысы басталады. Әр дақылға өз қалташасын жасатыңыз. Сыртына тұқым атауын, жалпы сипаты мен суретін орналастырыңыз. Әдетте бір А4 форматындағы парақтан екі қалташа жасауға болады. Парақ пішінін келтіріп алыңыз (полиграфиямен айналысатындарға жасатуға болады), содан соң шы­­ғарып, көбейтіңіз (принтер, ксерокс, ризограф, офсет). Қал­ташаларға белгілі бір мөл­шер­де тұқым салып, степлермен өзіңіздің жеке визиткаңызды қыстырыңыз (ол сатып алушының дақылды өсіруге қатысты сізден кеңес сұра­уы үшін қажет, сатып алушы­лар осы арқылы тұқым сатып алу, т.б. мәселелер бойынша сіз­ге хабарласа алатын болады, сонымен қатар, егер сіз байланыс телефоныңызды көрсетсеңіз, бұл сізге деген сенімді арттырып, сатып алушылар алдындағы беделіңізді көтереді).

Егер сіздің қалташалар жаса­туға ақшаңыз болмаса немесе сіз бұл бизнесті жаңадан бастап жатсаңыз, тұқымдарға арналған қалташаларды қарапайым ақ қағаздан (кеңселік болғаны дұрыс) жасауға болады. Ал оған жазылатын барлық қосымша ақпаратты алдымен жеке қағазға теріп, оны қиып алып, қалташаға жапсыру арқылы немесе басқа жолдар мен тәсілдер арқылы енгізуге болады. Көп жағдайда бұл мәселе сіздің жеке шығармашылық қабілетіңіз бен фантазияңызға байланысты. Мұндағы басты мақсат, тұқым салынған қалташаның әдемі де ыңғайлы көрінуі екендігін естен шығармаңыз.

Барлығы дайын болғаннан кейін, өніміңізді базарға шығаруы­ңызға болады немесе оны өткізудің өзіңізге қолайлы басқа да жолдарын қарастырыңыз.

Тұқым өсіруге жұмсалатын шығындар: Бизнестің маусымды сипатын ескере отырып, шығыстар мен табыстарды бір айға емес, жыл бойына есептеу керек. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда алғашқы кездері тұқым алуға көп қаржы жұмсамауға да болады.  

Тұқым өсіруден түсетін кі­ріс­тер: Бизнес дұрыс ұйым­дастырылған жағдайда жылдың екі айының өзінде-ақ (наурыз бен сәуір) сіз қомақты табысқа кенеле аласыз.

Жалпы, интернет шырмауығы арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Оларда әр өнімнен қанша пайда алуға болатындығы жазылған. Ол үшін www.google.kz, www.rambler.ru секілді іздеу сайттарына кіріп, жүйелерде «тұқым өсіру» және тағы да басқа осы мәндес кілт сөздерді теріңіз. Сонда сіздің алдыңыздан көптеген ақпараттар ашылатын болады

Әзірлеген

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар