• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2013

Жағдайы жайсыз жекеменшік балабақша

431 рет
көрсетілді

Ақтөбеде бүлдіршіндерге жасап отырған жағдайы жантүршіктіретін жекеменшік бала бақшасы табылды. Бір айтарлығы, аталмыш бақшасымақ бұдан екі ай бұрын соттың шешімімен жабылған екен.

Ақтөбеде бүлдіршіндерге жасап отырған жағдайы жантүршіктіретін жекеменшік бала бақшасы табылды. Бір айтарлығы, аталмыш бақшасымақ бұдан екі ай бұрын соттың шешімімен жабылған екен.

Бірақ оның ақшаға құныққан иелері төбедей соттың төрелігіне құлақ аспай, жұмысын жасырын түрде жалғастыра берген. Бәлкім, ашықтан-ашық жұмыс жасаған да шығар. Себебі, мұнда жұрт балаларын жердің астымен жетелеп немесе түн қараңғысын жамылып жеткізбейді ғой.

Ал бұл жолғы дүрлігіс осында астыртын ұйымның мүшелері сияқтанып келіп жүрген балақайлардың бастары биттеп кеткенінен кейін көтерілген. Бұдан шошынған ата-ана бірден «sos» дабылын қағып, санитарлық-эпидемиология қызметкерлерін шақырған. Алайда, бүлдіршіндердің қалай биттеп жүр­генін әзірге ешкім түсіндіріп бере алар емес.

Санитар мамандар балабақшаның жасырын жұмыс істеп жатқанын облыстық ауруханадағы әріптестерінен естіпті. Себебі, емдеу мекемесіне сол балабақшаға барып жүрген бір бүлдіршін жұқпалы дертпен түсіпті. Дереу тексеруге кіріскен олар биттен өзге, балаларға берілетін тамақтан да қауіпті таяқша тапқан.

«Бұл балабақшаның тағамдарынан адам ағзасына қауіпті стафилакокк таяқшасы табыл­ған­нан кейін ісі сотқа жіберіліп, осы­ған байланысты оның жұмысын тоқтату туралы ­ шешім шыққан», – дейді облыстық сани­тар­лық-эпи­демиологиялық қадағалау де­пар­­­таментінің бас маманы Гүлшат Құрбанғалиева.

Жалпы, бір жылдың ішінде Ақтөбе қаласында осылайша жасырын жұмыс жасап жатқан 22 балабақша анықталған. Олардың екпінін басуға қаланың мектепке дейінгі ме­кемелері қауқарсыз. Басты қиындық, қазір бала­бақша ашу үшін лицензияның талап етілмеуі. Демек, бұл тарапта әркім ойына кел­генін істей алады деген сөз. Сондықтан шенеуніктер заңға өзгеріс енгізу керектігін айтып отыр.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар