• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2013

Арақ алжастырған анаөзінің туған ұлын өртеп жіберді

338 рет
көрсетілді

Қазір біз естімейтін жантүршігерлік оқиға да қалмады ғой. Солардың бірі кеше Алматы облысында орын алды. Әйел өзінің ұлын өртеп жіберген.

Қазір біз естімейтін жантүршігерлік оқиға да қалмады ғой. Солардың бірі кеше Алматы облысында орын алды. Әйел өзінің ұлын өртеп жіберген.

Оқиға осы облыстың Іле ауданында болған. Оның салдарынан аудандық ауруханаға денесін қатты күйік шалған 25 жасар жігіт түскен. Дәрі­герлер қазір соның өмірі үшін арпалысып жатыр.

Ал оқиғаның ізін суытпай қаскүнемді іздес­тірген полиция қызметкерлері артынша зардап шеккен жігіттің анасын ұстады. Ол бірінші тергеу кезінде-ақ өзінің баласын өлтірмек болғанын мойындапты.

Сөйтсек, аналы-балалы екеуі бірге отырып, арақ ішкен. Оның барысында екеуінің арасында жанжал туады. Сол кезде өзін өзі ұстай алмаған әйел ұлының үстіне бензин құйып, шырпыны шалып қалған...

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғал­ды. Ол Іле аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышында отыр.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар