Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай облыста бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды. Соның бірі Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылдық округіндегі 120 орындық орта мектеп. Білім шаңырағының құрылыс жұмысы өткен жылдың наурыз айында басталған.

Сонымен қатар, Қордай ауданының Ноғайбай ауылында 140 орындық балабақша сәбилерге алғаш рет есік ашты. Аталған ауданның Бұлан батыр ауылының тұрғындары да Президент күні қарсаңында қызмет көрсете бастаған жаңа медициналық амбулаторияның жұмысына дән риза.
Меркі ауданының Ақарал ауылындағы ата-аналар да қуаныш құшағында. Бұл ауылда құрылыс жұмысы өткен жылдың тамыз айында басталған 140 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ал Шу ауданында бірден 3 әлеуметтік нысан іске кірісті. Олар Мойынқұм, Балуан Шолақ ауылдарындағы тұрғындарға заман талабына сай сапалы медициналық қызмет көрсететін жаңа амбулаториялар мен Бірлікүстем ауылындағы «Жұлдыз» балабақшасы.
Қысқасы, Жамбыл жерінде бұл күндері тарту көп, шашу мол.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».