• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Желтоқсан, 2020

Е.Досаев ақша-несие саясатын жұмсартуға мүмкіндік беретін факторлар туралы айтты

330 рет
көрсетілді

Осы аптада  Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев  ақша –несие саясатын жұмсартуға мүмкіндік беретін және пайыздық мөлшерлемеге ықпал ететін  факторлар туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаржы нарығында қалыптасып отырған факторлар туралы ағынан жарылған бас банкир  ақша-несие саясатын жұмсартқысы келетінін, бірақ жағдайға  объективті, басқаша айтқанда шындықтың көзіне тура қарауға мәжбүр болып отырғанын айтты.

2020 жылдың  10 айының  қорытындысы бойынша бізде инфляция 7,1 пайыздан асып кетті. Ерболат Досаев түсіндіріп өткеніндей, қазіргі 9 пайыздық мөлшерлеме қазіргі жағдайдың барометрі. Ұлттық банк басшысының айтуынша, ақша-несие саясатын жеңілдету мүмкіндігі елдегі инфляция тұрақталған жағдайда пайда болады. Ұлттық банктің  үкіметпен бірге импортқа тәуелділікті азайту және экономиканы әртараптандыру бойынша қабылдаған шаралар кешені инфляцияны төмендету тұрғысынан оң әсер етеді деген үміт бар.

– Біз инфляция деңгейін 2021-2022 жылдары 4-6% дәлізінде күтеміз. Бұл жағдайда біз ақша-несие саясатын жеңілдетуге мүмкіндік аламыз. Ұлттық банк бұдан бас тартпайды, –  деп атап өтті Е.Досаев. 

Осыған дейін мамандар  елдің бәсекеге қабілетін валюталық бағам, пайыздық ставка және бюджет тапшылығы секілді факторлармен басқарылатын макроэкономикалық құбылыс деп қарастырып келген болатын. Себебі макроэкономикалық көрсеткіштерді республикамыздың банк жүйесінен бөліп қарау мүмкін емес. Сондықтан мамандар Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру арқылы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуының маңызды мәселелерін шешуге болатынын біраз жылдан бері айтып келеді.