• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2020

Шымкентте 30,7 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген

187 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында бүгінде агроөнімдерді қайта өңдеуге басымдық беріліп отыр. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингте баяндады.

– Қазіргі таңда 5,3 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылды. Нәтижесінде, 30,7 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артты. Салаға бағытталған инвестиция көлемі 7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып отыр, – деді М.Әйтенов.

Спикер Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде қойма және көлік инфрақұрылымын дамытуды тапсырғанын және осы бағытта Шымкент қаласында 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылғанын айтып өтті. Мұнда қазір екі компания қызмет көрсетуде. Одан бөлек, 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізіліп отыр.