• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2020

Шымкентте 400 мыңнан аса тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалды

2072 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеніңде табысынан айырылған азаматтарға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» есебінен әлеуметтік төлем беру жұмысы жүзеге асырылды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз брифинг барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Бірінші кезеңде 285 551 адамға 19,9 млрд теңге төленсе, екінші кезеңде 143 519 адамға 6,1 млрд теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Одан өзге 41 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден үлестіріліп, 17 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері мемлекеттік бюджеттен өтелді", - деді Шымкент қаласының әкімі.

Соңғы жаңалықтар