Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң жобасының мақсаты бюджетті қалыптастырудағы жаңа тәсілдерді қайта қарау және бекіту арқылы бюджеттік заңнаманы жетілдіру болып отыр. Ол қаржыны мейлінше әлеуметтік-экономикалық қайтарымымен пайдалануға мүмкіндік береді.
Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын Палатаның қарауына жіберді.