• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысының дәрігерлері 39 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды

164 рет
көрсетілді

Дәрігерлер жүкті әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының 39 жастағы тұрғыны тұңғышын жедел-жәрдем қызметімен перзентханаға бара жатқан жолда босанған. Дәрігерлердің айтуынша, кіндігі мойнына бірнеше рет оралғандықтан, нәресте тұншығып туылған. Облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жандандыру әдісін қолданып 10 минут шамасында сәбидің тыныс алуын қалпына келтірген.

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады. Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде. Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған.