• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

LRT құрылысына зейнетақы қорынан қаржы алына ма?

173 рет
көрсетілді

LRT құрылысына зейнетақы қорынан қаржы алынбайды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

"LRT бойынша көптеген мәселелер бар. Мұның өте күрделі жоба екенін білесіздер. Жоба бірнеше жыл бұрын басталды, көптеген инженерлік желілер тартылды, қыруар қаражат жұмсалғаны түсінікті. Қиындықтар "Астана банкі" лицензиясынан айырылған кезде туындады. Енді бұл қомақты капиталды қажет ететін жоба. Сондықтан қазір пандемия кезінде банктермен жұмыс уақытша тоқтатылды, бірақ бастапқы идея – қала өсіп, жолаушылар көлігінің қосымша түрлерін енгізу қажеттігі еді. Иә, шынымен де кейбір проблемалар болды. Қазір құқық қорғау органдары тарапынан да сот тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан LRT – оңай шаруа емес", - деді Алтай Көлгінов.

Әкім БЖЗҚ мен Ұлттық қордың қаражатын жобаға тарту мәселесі қаралмайтынын айтты.

"Зейнетақы қорынан да, Ұлттық қордан да қаражат тарту мәселесі қаралмаған және қаралмайды. Бастапқыда алғашқы инвестициялық қаражат Қытай даму банкінен алынды. Бұл – сырттан тартылған қаражат. Сондықтан олар валютада қарастырылған", - деп түсіндірді А. Көлгінов.