• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 09 Желтоқсан, 2020

Елордада қылмыс деңгейі 37% төмендеді

388 рет
көрсетілді

Аntikor.live жобасында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айгүл Қайдарова елордада 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 40,2% төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Нұр-Сұлтан қаласында "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы өтіп жатыр. Акция 25 қарашада басталған. Бүгін осы акцияны қорытындылаймыз. Осы Антикор орталығымен бірлесе жұмыс істеудегі мақсат – халықты ақпараттандыру, яғни сіздердің платформа арқылы атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат беру. Осы жылдың 11 айы бойынша ақпарат беріп өтсек, әйелдердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында және бұл мәселе осы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан болатын. Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің өсуі байқалады. Оған себеп – биыл пандемияға байланысты адамдарды оқшаулауға мәжбүрлеу жағдайы. Пандемия кезінде бір бөлмелі пәтерде бірнеше отбасы мүшесі бірге тұрған жағдайлар болды. Себепсіз дүкенге, далаға шықпау туралы талаптар, көп адамның жұмыссыз қалуы балаға да, ересектерге де кері әсерін тигізді. Осы себепті тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері артты", дейді Айгүл Қайдарова.

Оның айтуынша, 11 айдың қорытындысы бойынша қылмыстың тіркелуі 37,1% төмендеді.

"Қазіргі таңда бізде қылмысты ашу жақсы жолға қойылған. Қазір цифрлық технология заманы, сондықтан қылмысты ашу бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда оңай. Қылмыстың алдын алу шаралары бойынша жұмыстар да күшейтілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 24/7 режимінде жұмыс істейді. Жалпы, тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылық, қылмыстың көбі алкоголь ішімдіктің кесірінен орын алады. Елордада 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 40,2% төмендеді", дейді ол.