Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен аймақтар бойынша отырғызылатын ағаш көлемін белгіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz
Орталық аймақтардың орман қоры емен, шырша, қайыңмен толығады. Бұдан бөлек ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың гектар жерге 200 млн ағаш егіледіКешенді шаралар 2030 жылға қарай ормандылық аумағын 5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің хабарлауынша, заңсыз ағаш кесуге қатысты жазаны күшейтіледі. Ағаш пен бұталарды кесу жағдайына қатысты Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізіледі.Сонымен бірге қазір Министрлік Өсімдіктер әлемі туралы Заң жобасын әзірлеуде. Қазақстанның орман қоры 30 млн гектарды құрайды. Ол әзірге ел аумағының 11%-ын ғана алып жатыр.