Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы екі мемлекеттік қызметкердің қос азаматтықпен жүргені белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Сенат отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
- Осы жылдың 11 айында біз қос азаматтықтың 431 фактісін анықтадық. Оның екеуі Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты, - деді ІІМ өкілі.