Семейдегі ағаш өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы - 450 шаршы метр. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден аттанды. Қазір оқиға орнында 13 бірлік техника мен 50-ден астам құтқарушы жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.