• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 11 Желтоқсан, 2020

Шымкентте бірқатар карантиндік шектеу азайтылды

326 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында базарлардың, жәрмеңкелердің қызметіне демалыс күндердегі шектеу алынып тасталды. Ал аптаның жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін базарларда сауда жасауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Солардың қатарында азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеледі.Ашық алаңда жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының, сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін тыйым салынады.

Сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат етілмейді. Ал Қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.