Одақтағы бақылаушы мемлекет мәртебесі ЕАЭО туралы шартта қарастырылған. Бақылаушы мемлекет Еуразиялық экономикалық комиссияның тұрғылықты жері бойынша өзінің ЕЭК-пен үнемі өзара әрекеттесуге уәкілетті өкілін жіберуге құқылы, деп хабарлайды Egemen.kz
Бақылаушы мемлекеттің басқа өкілдері шақыру бойынша Алқаның, Комиссия кеңесінің және ЕЭК жанындағы кеңесші органдардың отырыстарына қатыса алады. Сонымен қатар бақылаушы мемлекеттің мемлекет және үкімет басшысының шақыру бойынша Жоғарғы Кеңес пен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысу мүмкіндігі қарастырылған Бақылаушы мәртебесін алған мемлекет Одақтың және оған мүше мемлекеттердің мүдделеріне, ЕАЭО туралы шарттың мақсаттарына нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекеттен аулақ болуға міндетті.
Өзбекстан ЕАЭО елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп отыр. 2016-2019 жылдары Өзбекстанның жалпы тауар айналымы мүше елдермен 4,5 миллиард доллардан 9,1 миллиард долларға дейін екі есеге өсті, қазіргі уақытта Өзбекстанның ЕАЭО-пен сыртқы саудасының үлесі 30% құрайды, ал ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 75% асады.
Өзбекстан халқының саны – 30,6 миллион адам. Сатып алу қабілеттілігі бойынша елдің ІЖӨ шамамен 223 миллиард долларды құрайды, сыртқы сауда айналымы 22,9 миллиард долларды құрайды, оның ішінде экспорт – 11,5 миллиард доллар (оның 20%-ы ЕАЭО елдеріне келеді), импорт – 11,4 миллиард доллар (ЕАЭО елдерінен шамамен 55%).
Жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету одаққа мүше емес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттермен, жалпы алғанда, ЕАЭО халықаралық қызметінің басым бағыты болып табылады.
ЕАЭО-ның Кубамен Одақ шеңберіндегі бақылаушы мемлекет ретінде өзара іс-қимылы 2018 жылы жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясында ЕЭК пен Куба Республикасы Үкіметінің арасындағы бұрын қалыптасқан өзара іс-қимыл тетіктерін дамытады, оның шеңберінде бірлескен жұмыс тобы жұмыс істейді.
ЕАЭО-мен диалогты Куба жағы Еуразия континентіндегі Куба Республикасының дәстүрлі серіктестерімен сауда-экономикалық байланыстарды жандандырудың маңызды элементі және ынтымақтастықты жаңа лайықты деңгейге шығаруға ынталандыру ретінде қарастырады.
ЕАЭО-ға мүше елдер мен Куба арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму деңгейі өсу үшін маңызды әлеуетке ие. 2019 жылдың соңында ЕАЭО елдерінің Кубамен тауар айналымы 214,7 миллион долларды құрады, оның ішінде экспорт – 197,1 миллион доллар және импорт – 17,6 миллион доллар. 2018 жылы ЕАЭО арасындағы тауар айналымының 2010 жылдан бастап рекордтық деңгейі тіркелді.