• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Желтоқсан, 2020

Қызылжар аспанын күркіретіп айтыс өтті

374 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылжардағы Жастар сарайында республикалық ақындар айтысы өтті,деп хабарлайды Egemen.kz

Карантинге байланысты оның форматы көрермендерсіз болып, халыққа кейін ТВ арқылы ғана көрсетіледі. Өнердің жергілікті ұйымдастырушысы Жарқын Жұпархан бұған дейін осындай облыстық ақындар айтысын өткізген еді.

Енді айтыстың корифейлері мен ән мен жырдың, өнердің саңлақтарын шақырып, республикалық айтыс өткізді.

Әділ қазылар алқасының құрамында өнер саңлағы Асанәлі Әшімов, айтыстың ақтаңгері Жүрсін Ерман, "Жұлдыз" журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, "Қаламгер-Медиа" орталығының директоры Жанарбек Әшімжан және т.б. болды. Абайдың 175 және Сәбит Мұқановтың 120 жылдығына арналған айтыстың демеушілері солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер болды. Бас жүлдені Рүстем Қайыртаев еншіледі.