2013 жылғы 22 қазанда, Астана қаласы «Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7911 болып тіркелген, 2012 жылғы №23 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағында жарияланған) мынадай өзгерістерді енгізілсін:осы бұйрықтың 1-қосымшасында:төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«БСН_________________________________________________________»;осы бұйрықтың 2-қосымшасында:төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:«БСН_________________________________________________________».2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынсын;3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.––––––––––––Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8920 болып енгізілді.