Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі адамға "Қазақстанның Еңбек ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлығымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин (Теміртау қаласы) және "Еуроазия энергетикалық корпорациясы" АҚ "Восточный" кенішінің машинисі Мұрат Қайыргелдин (Екібастұз қаласы) жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев оларды Қазақстан Републикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін марапаттады.
Сондай-ақ, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.