• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Президент 14 Желтоқсан, 2020

Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының онлайн форумына қатысты

202 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Конвенциясының қабылданғанына 60 жыл толуына орай ЭЫДҰ-ға мүше мемлекет және үкімет басшыларының, ЕО мен Коста-Рика басшыларының қатысуымен өтіп жатқан онлайн форумында бейне үндеу жасады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Іс-шара 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Форумды Франция президенті Эммануэль Макрон, Испания Премьер-министрі Педро Санчес және ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гуррия бірлесіп өткізіп отыр. Іс-шарада әлемдік экономиканың жай-күйі, ұзақ мерзімді үрдістер және ЭЫДҰ-ның «жақсы өмір үшін жақсы саясат» ұстанымын қалыптастыруға қосқан нақты үлесі қорытындыланады.

Мемлекет басшысы өзінің бейне үндеуінде Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мен басымдықтары жайында айтты», деп жазды Б. Уәли.