«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 38,6 млрд теңге жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың маусым айында елімізде қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, «Самұрық-Қазына» басшылығы 50 млрд теңгені мерзімінен бұрын жіберуді шешкен болатын.