Байқауға денсаулық сақтау және аурулардың алдын алу, сондай-ақ денсаулық пен медицинаға қатысты қызықты және маңызды ақпараттарды қамтитын қазақ тіліндегі жобалар немесе бұрын жарияланған материалдар қабылданады. Материалдар қысқа ғылыми-көпшілік мақала, шағын бейнеролик, комикс немесе инфографика форматында болуы тиіс.
Бұл сыйлықты тағайындау критерийлері ретінде материалдың өзектілігі мен пайдалылығы, жарияланымның ғылыми негізділігі және анықтығы, түпнұсқа буын және презентация стилі; медициналық білімі жоқ оқырмандардың түсінуіне оңай болуы, тақырыбын қамту деңгейі (сайттағы оқылым саны, әлеуметтік желілердегі белсенділік, оқырмандармен қарым-қатынас), барлық авторлық құқықты сақтау (плагиаттың болмауы) сияқты талаптар аталған.
Айта кетейік, академик Төрегелді Шармановтан тағайындалған сыйлық медицина мен денсаулықтың өзекті тақырыбы жайында қазақ тілінде ғылыми-көпшілік мақалалар жазушы барлық қауымға әр тоқсан сайын жүргізіледі.
Жазбаша материалдағы көлем талабы - 1000-нан 4000-ға дейін баспа белгісі, ал YouTube-тегі видеолар үшін талап - ұзақтығы 5 минутқа дейін екені айтылады.
Бұл сыйлық медицина және денсаулыққа қатысты өзекті мәліметтерді баршаға, әсіресе қазақ тілді оқырманға кеңірек жеткізуге бағытталған. Аталмыш сыйлық туралы, іріктеудің негізгі талаптары, сыйлықақы мөлшері және өтінім беру мерзімдері туралы толығырақ ақпаратты МЫНА сілтемеден ала аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуыңызға: 8 701 555 87 43 немесе мына электрондық поштаға жіберсеңіз болады: award@academypm.org.