• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2020

Елордада есірткінің таралуына қарсы акция өтті

161 рет
көрсетілді

Елордада еріктілер, полиция қызметкерлері және есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің өкілдері есірткінің таралуына қарсы акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында мыңға жуық анықтама телефон нөмірлері жазылған буклеттер таратылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Волонтерлерден тұратын мониторинг тобы, полиция департаменті және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ!» буклеттерін тарату бойынша акция өткізді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар түсіндірме барысында олар қала тұрғындарына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертті.