Елордада «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімімен Парламент Мәжілісіне ұсынылған кандидаттар Бахаргүл Төлеген және Әйгерім Көкеева, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығынан үміткерлер Фархат Энгишев пен Алтынай Елубаева қолөнер шеберлерімен кездесті.
Бахаргүл Төлеген «Әдемі-Ай» компаниясының президенті болса, Әйгерім Көкеева – «Ауыл» партиясы жастар қанатының жетекшісі.
Айта кетейік, бүгінде сайлауға қатысатын саяси ұйымдардың арасында қандастардың проблемасын өз сайлауалды бағдарламасына бөлек бағыт ретінде қосқан тек «Ауыл» партиясы ғана. Б.Төлегеннің айтуынша, қазіргі кезде қандастарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген, кепілсіз несиелер қарастырылмаған.