• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Желтоқсан, 2020

Дарынды балаға – даңғыл жол

567 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан Халық партиясының өкілдері қаладағы орта мектептердің, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтерімен және оқытушыларымен кездесті. Іс-шара «Тәуелсіздік. Мемлекет. Әлеует» тақырыбында өтті.

ҚХП өкілдерінің пікірінше, Қазақ­стан­дағы білім берудің негізгі проблемасы – оның қолжетімсіздігі. Партия мүше­лерінің айтуынша, теориялық тұрғы­дан алғанда елімізде барлығына тегін орта білімге кепілдік берілгенімен, кей жерлерде сапалы білім тек элита өкіл­деріне ғана арналғаны байқалады.

– Кез келген бала, мектептің әр түлегі өздері қала­ған білімге қол жеткізуі керек, – деді ҚХП Алматы қалалық филиалының жетек­шісі Ә.Шапенов. – Өкінішке қарай, қазір Қазақстандағы білім ең дарынды балаларға емес, дайындығы жоғары балаларға бағытталған.