• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Желтоқсан, 2020

Үгіт жұмысы пәрменді жүргізілуде

324 рет
көрсетілді

Қазақстан Халық партиясының өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінде партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар ең алдымен еліміздегі денсаулық сақтау, еңбек адамы­ның құқығын қорғау, қолжетімді баспана, тегін әрі сапалы білім беру мәселелерін қамтып отыр.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйым­дас­ты­рылған іс-шарада ҚХП балалардың денсаулығына нем­құрайды қарамауға шақырады.

Нұр-Сұлтан қаласында аталған партияның атынан Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Олжас Сыздықов пен Ислам Сұңқар ерекше балаларға арналған «Спина бифида» қорының басшыларымен, ата-аналармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ата-аналар арқа бифида ауруы, меди­циналық қызмет көрсету сапасы және әлеуметтік кепіл­дікке қатысты мәселелерді көтерді. Диалог кезінде Қазақстан Халық партиясының сайлауалды платформасы ұсынылды. Онда Қазақстанның әрбір азаматын қолжетімді және сапалы медицинамен қамтамасыз етуге басымдық берілген.

ҚХП өкілдері беделді кәсіподақтар жұмысшыларды қорғауы керек екенін айтуда. Жуырда Атырау қаласындағы Кәсіподақтар үйінің кіші залында Қазақстан Халық партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, мұнай-газ секторының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жұмысшылардың құқығын шынайы қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарды қолдау бастамасы түсіндірілді. Кәсіподақтар ел азаматтарының құқықтарын қорғап, еңбек дауларын әділ шешуі керек.

ҚХП қолжетімді баспаналардың жастарға қолжетімсіздігін айтуда. Осыған байланысты, Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалында «Жастарға арналған қолжетімді баспана» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараны ҚХП Астана қалалық комитетінің Жастар қанаты ұйымдастырды. Партия мүшелерінің айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары баршылық. Алайда жастарға қолжетімді баспана жоқ.

ҚХП тегін әрі сапалы білімді қолдап отыр. Мәселен, Қазақ­стан Халық партиясы өткізген «Мен тегін білімді қолдай­мын!» интернет-акциясы қоғамда дүмпу тудырды. Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаты, партия төрағасы Айқын Қоңыров: «...Білім беру мемлекеттің жүйеқұраушы инс­титуты бо­лып табылады. Мұнайдың дәуірі өтіп барады. Адам капи­талы бірінші орынға шыға бастады. Сапалы әрі қолжетімді білімге инвестиция тарту – болашаққа құйылған инвестиция», деді.