• RUB:
    5.05
  • USD:
    527.23
  • EUR:
    544.05
Басты сайтқа өту
Президент 20 Желтоқсан, 2020

ҚР Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтетін Заңға қол қойды

1073 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Айта кетейік, сондай-ақ бүгін Қ.Тоқаев персонал беру жөніндегі мәселелерді реттейтін ҚР Заңына, Қазақстан аумағынан шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттейтін Заңға қол қойылды.