18 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 2 қазақстандықтан COVID-19 анықталды,деп хабарлайды Egemen.kz
19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Швейцария, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.
2 008 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 237 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 331 жолаушы, анықтамамен – 1 183, анықтамасыз - 148;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 499 жолаушы, анықтамамен - 438; анықтамасыз - 61;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 178 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 28.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.
Ал 2020 жылдың 18 желтоқсанында анықтамасыз келген 210 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Ыстанбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.