Бұл күндері дзюдодан Ақтау қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 81 кило салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Мәди Амангелдиев жеңіп алды. Финалда ол Қызылордадан келген Абылайхан Жұманазардан айласын асырды. Маңғыстаулық Руслан Мұсаев пен түркістандық Ерахан Нұридин қола медальдарды мойындарына ілді. Бұрындар дәл осындай табысқа қол жеткізе алмаған жас балуандардың бүгінгі көрсеткіші ұлттық құрама бапкерлерін қуантып отыр.