Дзюдодан Ақтау қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 63 кило салмақ дәрежесі бойынша барлық мықтылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл салмақта Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының өкілдері үстемдік құрды. Финалдық сайыс Иоланта Бердібекова мен Кристина Сотникова арасында өтіп, алғашқысы алтыннан алқа тағынды. Осылайша, бас жүлде Алатау баурайынан келген аруға бұйырды. Үшінші орынға алматылық Саера Мырзахметова мен өскемендік Зарина Сарипова табан тіреді.