• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Атырауда су қымбаттайды

303 рет
көрсетілді

Желтоқсан айынан бас­тап мұ­найлы өңір тұрғындары күн­де­лікті тұтынатын су бағасын 27 пайыздық өсіммен төлеуі мүмкін.

Желтоқсан айынан бас­тап мұ­найлы өңір тұрғындары күн­де­лікті тұтынатын су бағасын 27 пайыздық өсіммен төлеуі мүмкін. Өйткені, 1 қазанда «Атырау су арнасы» кәсіпорны су бағасын осынша пайызға көтеру жөнінде ұсыныс беріпті. Сонымен бірге, канализация тарифі де 30 пайызға қымбаттамақ. Табиғи монополия­ларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Райхан Мизамғалиева дәл осылай деп мәлім етті.

Ал «Атырау су арнасы» КМК басшылары су мен канализация тарифтерінің қымбаттауын су тазар­туға арналған химиялық реа­генттердің қымбаттауымен түсін­діреді. Биыл оның бағасы был­тырғыдан 30 пайызға өсіп кеткен. Сол себептен, сумен қамтушы кәсіпорын су мен канализация тарифін бір мезгілде өсіруге ұмты­лыс танытуда.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар