Кеше таңертеңнен бастап Астанада ауа райы күрт бұзылды. Содан бір күн ғана бұрын біршама жылылық танытып, аспанынан жаңбыр себелеп тұрған елорданың табиғаты ертеңіне адам танымастай болып өзгеріп шыға келді. Жел көтеріліп, ақтүтек боран ұйытқыды.

Оның күшті болғаны сондай, Бейбітшілік және келісім сарайы алдындағы жаңажылдық шырша қондырылған орнынан ұшып кетті. Осы аралықта Төтенше жағдайлар министрлігінен ауа райы жағдайының күрт нашарлап кетуіне байланысты автокөліктердің барлық түрлерінің елордадан сыртқа қарай шығуларына тыйым салынғаны хабарланды. «Ауа райының бұзылуына байланысты Астрахань тас жолы, Қорғалжын тас жолы, Көкшетау тас жолы, Қарағанды тас жолы, Рождественский және Софиевский тас жолы бойларында барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды», – делінген онда. Сол сияқты, мектеп оқушыларының сабақтары тоқтатылған болып шықты.
«Қазгидромет» МКК синоптиктері желдің күші секөнтіне 14-15 метр жылдамдықта болғанын мәлімдеді. Ал түнге қарай 18 метрге дейін барды.
Мұрат АЙТҚОЖА.