Алматыда кардиология институты иогаға негізделген оңалту әдістерін жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі таңда жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім дүниежүзінде бірінші орын алады. Сондықтан жүрек-қантамыры кеселдерін асқындырмай, алдын алу шаралары аса маңызды.
Жүрек-қантамыр патологиясы бар пациенттердің 80%-дан астамында кардиологиялық ауруларды ушықтырып, өмір сүру сапасын төмендетіп, адамның жұмысы мен әлеуметтік белсенділігіне әсер ететін мазасыздық, фобиялық және күйзеліс белгілері байқалады.
Сондықтан бұл науқастар стационар жағдайында емделеді және психологиялық көмекпен кардиологиялық оңалту шараларын да талап етеді.
Мазасыздық қандағы стресс гормондарының (катехоламиндер) деңгейін көтеріп, ағзаны белсендіретін және тыныштандыратын жүйелер арасындағы теңгерімнің бұзылуына әкеледі.
Осы мәселеге орай, Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ йогаға негізделген күйзеліске жеңу әдістерін пайдалану арқылы психологиялық көмек көрсететін кардиологиялық оңалту жұмыстары сәтті жүргізіп жатыр. Бұл тыныс алу жаттығулары және медиативті практиканың элементтері (mindfulness based stress reduction).
Емхананың психотерапеві Рашид Азизовтың айтуынша, бұл жаттығулар кардиоваскулярлық патологияның қауіп факторларын төмендетуге мүмкіндік береді. Жүрек жиырылуы мен артериялық қан қысымы жиілігі көрсеткіштерінің төмендеуі стресс гормондарының шығуын тежейтін вегетативтік нерв жүйелерінің парасимпатикалық бөлімдерінің жоғарылауы арқылы қол жеткізіледі.
Оң нәтиже жас адамдарда ғана емес, сонымен қатар егде пациенттерде де байқалады, дейді Рашид Азизов. Сабақтар орындықта отырған күйде, диафрагмальды тыныс алу жаттығулары және міндетті теория бөлігімен медитация жасай отырып, топтарда аптасына 2 рет өтеді.
Осындай торығу мен күйзеліске төзімділікті арттыру кешендері пациенттердің сенімділігін қайтаруға, өмір сүру сапасын жақсартуға, қауіп факторларын азайтып және созылмалы жүрек-қантамыры дімкәстігіне қатысты шағымдардың санын азайтуға көмектеседі.
Каролина университетінің (Швеция) зерттеушілер тобының жүрекше фибрилляциясы бар пациенттердің қатысуымен жүргізген зерттеуі осындай пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартудағы йоганың мүмкіндігін дәлелдеді.
Терең дем алу жаттығуларына негізделе отырып, жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер үшін арнайы әзірленген йога сабақтарының бағдарламасына қатысушылардың әдеттегі топтарға қарағанда психикалық күйінің көрсеткіштері жоғары болды. Алынған мәліметтер бойынша, авторлар йога пациенттерге жүрекше фибрилляциясының эмоциялық салдарымен күресуге мүмкіндік беретін практикалық аспаптардың бірі болатындығын болжап отыр.