• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысында 12 мың қызметкер жарна төлеуден босатылды

192 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы 8,5 мың шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс істейтіндер арасынан 12 мыңнан астам жалдамалы қызметкер МӘМС жүйесіне жарна төлеуден босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда сақтандыру мәртебесін алу үшін «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне жалдамалы қызметкерлердің деректерін енгізу керек. Қазір бұл жұмыстар толықтай аяқталып қалды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

«Сақтандырылмағандардың арасында Үкімет қаулысына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жарналар мен аударымдар төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері болуы мүмкін. Жарналардың болмауына қарамастан, мұндай қызметкерлерді сақтандыру үшін жұмыс берушілер msb.fms.kz веб-сайтына қызметкерлер туралы мәліметтерді енгізуі керек, яғни олардың мәртебесін сақтауы керек. Алдағы уақытта бұл қызметкерлер МӘМС жүйесіндегі барлық қызмет түрлерін еркін ала алады», деді Бақыт Торғайбайұлы.

11 айдың қорытындысы бойынша ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін 55 340 741,8 мың теңге, яғни жылдық көлемнің 82 пайызы төленді. Сонымен қатар, шығыстардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмекке жұмсалған. Биылғы жылы жоспарлы түрде өңірдің стационарларында 71 588 адам емделді.

Өңірде 2021 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу бюджеті 65,6 млрд теңгеге болып отыр. Оның 42,8 млрд теңгесі тегін медицицналық көмектің кепілді көлемі аясында, 22,8 млрд теңгесі МӘМС пакетінде. Пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau - 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша хабарласу қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.